Accessibility links

Сочиде паралимпиада ойындары аяқталды


Қысқы паралимпиада ойындарынан көрініс. Сочи, 14 наурыз 2014 жыл.
Қысқы паралимпиада ойындарынан көрініс. Сочи, 14 наурыз 2014 жыл.
Сочиде 16 наурызда қысқы паралимпиадалық ойындар аяқталды. Оның жабылу салтанатына Ресей президенті Владимир Путин қатысты. Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Филип Кравен Сочиде өткен паралимпиада ойындарын "керемет оқиға" болды деп атады.

Паралимпиада ойындарында 30 алтын медаль иеленген Ресей спортшылары жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын алды.

Паралимпиада ойындарының бітуімен Сочиде 7 ақпанда Қысқы олимпиада ойындарының ашылуымен басталған олимпиада маусымы аяқталды.

Паралимпиада ойындары Украинадағы дағдарыспен қатар өтті. Паралимпиаданың жабылу салтанаты Қырымда аймақтың Ресей құрамына қосылуы туралы референдуммен бір күнде болды.

Владимир Путин Халықаралық паралимпиада комитетінің шенеуніктеріне "спорт пен саясатты араластырмады" деп алғыс білдірді.
XS
SM
MD
LG