Accessibility links

Малайзия бірнеше елден ұшақты іздеуге көмек сұрады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Малайзия билігі жоғалған Boeing-777 ұшағын іздестіруге қазір 25 ел қатыстырылғанын, оның арасында Қазақстан да бар екенін хабарлады. Малайзия үкіметі өкілінің 16 наурыздағы хабарлауынша, үкіметі ұшақты іздеуге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Пәкістан, Үндістан, Қытай, Франция және АҚШ-тан көмек сұраған.

Малайзия Boeing-777 ұшағында болған 239 жолаушы мен сол ұшаққа жерден қызмет көрсеткен басқа да адамдардың жеке бас мәліметтері тексеріліп жатқанын да айтты.

Малайзия полициясы жоғалған ұшақтың екі ұшқышының үйіне тінту жүргізген. Оған дейін Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак "жоғалардан бұрын Boeing 777 ұшағының байланыс жүйесі ажыратылған соң, ұшақ өзіне бекітілген бағыттан әдейі ауытқығаны" туралы мәлімдеген. Ұшақ радар экранынан көрінбей кеткен соң да жеті сағат бойы оның деректері спутниктерде тіркелгені туралы ақпаратты Разак растады.

8 наурызда Куала-Лумпурден Пекинге ұшып шыққан, бортында 239 адам болған Boeing 777 жолаушылар ұшағы ешқандай дабыл белгісін, бағытын ауыстыратыны я басқадай проблемалар туындағаны туралы хабар берместен із-түссіз жоғалып кетті. Соңғы рет диспетчермен байланысқа шыққан кезде ұшақ Малайзияның шығыс жағалауынан 220 шақырымдай қашықтықта болған.
XS
SM
MD
LG