Accessibility links

Сербиядағы сайлауда прогрессивтік партия жеңді


Сербия вице-премьері, Сербия прогрессивтік партиясының жетекшісі Александр Вучич партияның жеңіске жеткеніне орай сөйлеп тұр. Белград, 16 наурыз 2014 жыл.
Сербия вице-премьері, Сербия прогрессивтік партиясының жетекшісі Александр Вучич партияның жеңіске жеткеніне орай сөйлеп тұр. Белград, 16 наурыз 2014 жыл.
Сербияда 16 наурызда өткен кезектен тыс парламент сайлауында алдын-ала нәтижелер бойынша үкіметті екі жылға жуық уақыт басқарған оңшыл Серб прогрессивтік партиясы жеңіске жетті.

Серб прогрессивтік партиясын дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жартысына жуығы жақтаған. Бұл партия енді парламенттегі 250 орынның көпшілігін - 160 орынды иеленбек. Сайлауда екінші орында сайлаушылардың 14 пайызының қолдауына ие болып, парламенттегі 50 орынды еншілеген Сербия социалистік партиясы тұр. Сербия социалистік партиясы Серб прогрессивтік партиясының үкіметтік коалициясына кірген.

Демократиялық партия мен одан бір ай уақыт бұрын бөлініп кеткен елдің бұрынғы президенті Борис Тадичтің Жаңа демократиялық партиясы парламентке өтуге қажетті бес пайыздық межені еңсере алмаған.

Жергілікті тәуелсіз сарапшылар Серб прогрессивтік партиясының жетекшісі Александр Вучич елде абсолютті басқару орнатуы мүмкін деп қауіптенеді.
XS
SM
MD
LG