Accessibility links

Екі қытай азаматынан қазақ паспорттары тәркіленді


Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мұқабасы. (Көрнекі сурет)
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мұқабасы. (Көрнекі сурет)
Алматы әуежайында Қытайдың екі азаматынан Қазақстан паспортының 291 бланкісі тәркіленді деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметіне сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер.

ҰҚК-нің дерегінше, қазақстандық шекарашылар Алматыдан Гонконгке ұшпақ болған екі азаматтан 250 көк және 40 қою қызыл түсті толтырылмаған паспорт, бір азаматтың атына толтырылған тағы бір паспорт тәркілеген. Қытайлық азаматтардан паспортқа қажет голографиялық лента бумасы да алынған.

ҰҚК бұл оқиғаға қатысты қазір тергеу жүргізіліп жатқанын айтып, басқа ақпарат бермеді.
XS
SM
MD
LG