Accessibility links

Беларусь оппозиционері 15 тәулікке қамалды


Беларусь оппозициясының жетекшісі Анатолий Лебедько сот залында. Минск, 17 наурыз 2014 жыл.

Беларусь оппозициясының жетекшісі Анатолий Лебедько сот залында. Минск, 17 наурыз 2014 жыл.

Беларусьте оппозициялық Біріккен азаматтық партиясының жетекшісі Анатолий Лебедько 17 наурыз күні "рұқсат етілмеген жиынға қатысты және ұсақ бұзақылық жасады" деген айыппен 15 тәулікке қамалды.

Лебедьконың екі серігі де дәл осындай айыптармен әрқайсысы 10 тәулікке қамалды. Жиынға қатысқан тағы екі белсендіге қатысты шешім әлі шыққан жоқ.

16 наурыз күні Минск орталығында жергілікті кеңеске сайлау алдындағы үгіт-насихат кампаниясына қатысқаны үшін он адам (олардың екеуі журналист) ұсталған еді.

Жиналғандар саяси тұтқындардың суреттері салынған майка киіп шыққан. Лебедько мен тағы төрт белсенді қамауда қалып, басқалары ұсталғаннан кейін бірнеше сағаттан соң босатылған.
XS
SM
MD
LG