Accessibility links

Ауғанстанда жарылыстан 15 адам мерт болды


Ауғанстан картасы. Көрнекі сурет.

Ауғанстан картасы. Көрнекі сурет.

Ауғанстанның солтүстігіндегі Фарьяб уәлаятының орталығы Маймана қаласының орталығында бүгін базарда жанкешті жарылыс жасап, 15 адам қаза тапты.

Жарылыстан ондаған адам жараланған.

Уәлаят губернаторының орынбасары Абдул Саттар Барездің айтуынша, рикша (мотоциклге ұқсас жергілікті көлік түрі) айдап келе жатқан ер адам базардың кіреберісіндегі адам көп жиналатын тексеру-өткізу бекетінде өзін-өзі жарып жіберген. Қаза тапқандардың барлығы - бейбіт тұрғындар.

Шабуыл жауапкершілігін әзірге ешкім мойнына алған жоқ.
XS
SM
MD
LG