Accessibility links

Карзай вице-президенттікке үміткер ұсынды


Ауғанстан президенті Хамид Карзай.

Ауғанстан президенті Хамид Карзай.

Ауғанстан прзеиденті Хамид Карзай 9 наурызда көз жұмған вице-президент Мохаммад Касим Фахимнің орнына Мохаммад Юнис Кануниді ұсынды.

Азаттықтың Ауған қызметіне айтқан жауабында Хамид Карзайдың ресми өкілі Адела Рааз ұсыну туралы шешім Карзай мен өзге тоғыз шенеуніктің және Касим Фахимнің отбасы мүшелері мен бұрынғы моджахедтер жетекшілерінің кездесуінде жасалғанын айтты.

Адела Рааз Юнис Канунидің кандидатурасын көп ұзамай ауған парламенті мақұлдауы тиіс екенін айтты.

Кануни "Жамиғат-е Ислами" партиясының белді мүшелерінің бірі және Солтүстік Альянстың 1996-2001 жылдары Талибанға қарсы күресінде Касим Фахимнің жақын серігі болған. Ол бұған қоса Ауғанстан парламентінің төменгі палатасының спикері болған, 2004 жылы президент сайлауына түсіп жеңіліп қалған.
XS
SM
MD
LG