Accessibility links

Қазақстан Қырымға қатысты ұстанымын жариялады


Қазақстанның сыртқы істер министрлігі. Астана қаласы.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі. Астана қаласы.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қырымда ресейшіл күштер өткізген референдумды "елдің еркін түрде ерік білдіруі" деп сипаттады.

СІМ-нің вебсайтында 18 наурыз күні жарияланған мәлімдемеде Қырым автономиялық республикасында өткен референдумға қатысты Қазақстанның БҰҰ-ның жарғысына сәйкес халықаралық құқық принциптерін ұстанатыны ескертіледі.

Мәлімдемеде: "Қазақстанда Қырымда өткен референдумды автономиялық республика халқының еркін түрде ерік білдіруі деп қабылдап, Ресей федерациясының шешіміне түсіне қарайды" деп жазылған.

Министрлік халықаралық ұйымдарды Украинаны "дағдарыстан бейбіт жолмен шығаруға" үндейді.

18 наурыз күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар министрлермен Қауіпсіздік кеңесін өткізген еді. СІМ-нің мәлімдемесі кеңестен кейін іле-шала жарияланып отыр.
XS
SM
MD
LG