Accessibility links

Қырғызстанда үкімет ауысады


"Ата-Мекен" партиясының жетекшісі Өмірбек Текебаев.
"Ата-Мекен" партиясының жетекшісі Өмірбек Текебаев.
Қырғызстанның "Ата-Мекен" партиясы үкіметтік коалициядан шығатынын хабарлады. Партия жетекшісі Өмірбек Текебаев бұл туралы партияның парламенттік фракциясының кездесуінен соң жариялады. Қырғызстан заңдары бойынша, енді үкімет таратылып, жаңа үкімет жасақталуы тиіс.

Партия мүшелері премьер-министр Жантөрө Сатыбалдиевтің "былтыр ірі қылмыскер түрмеден босатылып, кейін елден қашып кеткеннен соң үкіметті басқаруға моральдық құқығы қалмады" деді. "Ата-Мекен" партиясы бұған қоса үкімет басшысын Қырғызстан өз үлесін арттыруды көздеп "Құмтөр" алтын кенішінің мәселесін де шеше алмады деп айыптады.

2012 жылы қыркүйекте құрылған басқарушы коалицияға "Ата-Мекеннен" өзге Социал-демократиялық партия мен "Ар-Намыс" партиясы кірген.

Министрлер енді жаңа үкімет жасақталғанша қызметін жалғастыра береді.
XS
SM
MD
LG