Accessibility links

Ресей мен Қырым қосылу туралы келісімге қол қойды


Ресей президенті Владимир Путин (төменгі қатарда оң жақтан екінші) Ресейге Қырымды қосу туралы келісімге қол қойып отыр. Мәскеу, 18 наурыз 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин (төменгі қатарда оң жақтан екінші) Ресейге Қырымды қосу туралы келісімге қол қойып отыр. Мәскеу, 18 наурыз 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин мен Қырым билігінің өкілдері Қырым түбегі мен Севастополь қаласының Ресей құрамына қосылуы туралы келісімге қол қойды.

Келісімге қол қойғанға дейін Ресей парламентінде сөйлеген Путин Қырымды Ресейдің "ажыратылмас бір бөлшегі" деп атаған. Ол 16 наурызда өткен Қырымның Украинадан бөлінуі туралы референдумды "демократияға және халықаралық құқық нормаларына сай келеді" деген. Путин Ресейдің Украинаның бөлшектенгенін "қаламағанын" айтып, бірақ өз елі "ресейліктер мен орыс тілді азаматтардың мүдделерін әрқашан қорғайтынын" ескертті.

Владимир Путин батыс елдерін қырғи-қабақ соғыс жылдарындағы "тежеп ұстау саясатын" қайта оралтып, Украинада "қызыл сызықты басып кетті" деп айыптады.

Парламент ұзамай Қырымның Ресейге қосылуы туралы келісімді ратификациялайды деген болжам бар.
XS
SM
MD
LG