Accessibility links

НАТО басшысы Ресейдің Қырымды қосып алуын айыптады


НАТО бас хатшысы Андерс фог Расмуссен.

НАТО бас хатшысы Андерс фог Расмуссен.

НАТО бас хатшысы Андерс фог Расмуссен Ресейдің Қырымды аннексиялап алғанын айыптап, "Мәскеу қауіпті жолға түсті" деп мәлімдеді.

18 наурызда Брюссельде сөйлеген Расмуссен "Мен Владимир Путиннің Қырымды Ресей құрамына қосу туралы жаңа заңдарды жариялағанын айыптаймын. Ресей Қырым мәселесінде шегініп, халықаралық құқық нормаларына бағынуға шақырған барлық үндеулерді тыңдамады" деді.

Оның айтуынша, Мәскеудің Қырымға қатысты саясаты "Ресейді халықаралық аренада бұдан ары да оқшауландыра бермек".

18 наурызда Ресей президенті Владимир Путин мен Қырым билігінің өкілдері Мәскеуде түбектің Ресей құрамына қосылуы туралы келісімге қол қойған еді.
XS
SM
MD
LG