Accessibility links

Севастопольде украин әскери базасын басып алды


Украиналық әскери база маңында жүрген, ресейдікі деп снаалатын қарулы адамдар. Севастополь, 14 наурыз 2014 жыл.
Украиналық әскери база маңында жүрген, ресейдікі деп снаалатын қарулы адамдар. Севастополь, 14 наурыз 2014 жыл.
Ресей ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Севастопольдегі Украина әскери-теңіз күштерінің базасына жиналған ресейшіл жүздеген шеруші штабқа басып кіріп, ондағы Украина туының орнына Ресей туын тіккен.

Кейбір ақпараттар бойынша, демонстранттар украиндық әскерилердің базадан кетуін талап етіп жатыр.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Украина әскери-теңіз күштерінің базасын Қырымның "өзін-өзі қорғау" деп аталатын отрядтары басып алған. Күш қолданғаны, зорлық-зомбылық жасалғаны туралы ақпарат жоқ.
XS
SM
MD
LG