Accessibility links

Жоғарғы сот ҰҚК экс-генералының шағымын қанағаттандырмады


ҰҚК-нің бұрынғы генералы Әбдіразақ Ілиясов. Алматы, 30 желтоқсан 2013 жыл.

ҰҚК-нің бұрынғы генералы Әбдіразақ Ілиясов. Алматы, 30 желтоқсан 2013 жыл.

Жоғарғы соттың апелляциялық алқасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы генералы, коррупциялық қылмыстарға қатысты 13 жылға сотталған Әбдіразақ Ілиясовтың шағымын қанағаттандырудан бас тартты.

Ілиясовтың адвокаттарының бірі Владимир Поповтың айтуынша, олар апелляциялық алқаның шешіміне қарсы кассациялық сотқа шағымдануы мүмкін.

Былтыр 30 желтоқсанда Алматының қылмыстық iстер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы Ербол Ахметжанов ҰҚК-нің шекара қызметі "Батыс" басқармасының бұрынғы басшысы, генерал Әбдіразақ Ілиясов пен оның қарамағында жұмыс істеген үш қызметкерді "жемқорлыққа жол берді, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айыптар бойынша бас еркіндігінен айыруға үкім шығарған.

Сот тергеу материалдарына сәйкес, Әбдіразақ Ілиясовтың қарамағындағы қызметкерлермен бірге қылмыстық топ ұйымдастырып, пойызбен немесе автокөлікпен Өзбекстаннан Ресейге барып, кері қайтатын шетелдік кәсіпкерлерден «Қазақстан шекарасы арқылы кедергісіз өту үшін ақша бопсалағаны» дәлелденгені жайлы ұйғарым жасаған.

Үкімде шетел азаматтары «Бейнеу», «Тәжен Авто» және «Сырым Авто» бекеттері арқылы өткені үшін қылмыстық топқа 100 миллион теңгеден асатын (660 мың долларға жуық) пара төлегені айтылған.
XS
SM
MD
LG