Accessibility links

Израиль Сирия аумағына әуеден соққы берді


Сириямен шекарадағы Голан жоталарында тұрған Израиль әскері.

Сириямен шекарадағы Голан жоталарында тұрған Израиль әскері.

Израиль бүгін Сирия аумағындағы бірнеше әскери нысанға әуеден соққы берді. Израиль әскері өкілінің мәлімдеуінше, соққы сириялықтардың Израиль жаулап алған Голан жоталарындағы әрекетіне жауап ретінде жасалған. Онда 18 наурызда жарылыс болып, төрт сарбаз жараланған еді.

Израиль нысанаға алғандардың арасында штабтық нысан, жаттығу лагері мен артиллериялық бекіністер болған.

Сириядағы ішкі қарулы қақтығыстардан туындаған зорлық-зомбылық соңғы уақыттары Голан жоталарына да ауа бастап, Израиль оған қарсы әуеден бірнеше соққы берген еді.
XS
SM
MD
LG