Accessibility links

Қырымда Азаттық журналисін ұрлап әкеткен


Азаттықтың Украин қызметінің журналисі Левко Стек.

Азаттықтың Украин қызметінің журналисі Левко Стек.

Қырымда белгісіз адамдар Азаттықтың Украин қызметінің журналисі Левко Стекті ұрлап әкетіп, далаға тастап кеткен. Журналист өзін біреулер ұрлап әкеткені туралы Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Журналистің айтуынша, ол Қырымға 16 наурызда барған. 18 наурызда Қырымның орталығындағы Бақшасарай қаласында белгісіз бір адамдар оны автобустан шығарып алып, қолына кісен, басына қап кигізіп, көлікке мінгізген. Журналисті көлікпен ұзақ уақыт алып жүрген соң бұдан былай Қырымға келмеуін талап етіп, далаға тастап кеткен.

Левко Стек қандай жағдайға тап болғаны туралы тек біраз уақыттан соң ғана хабарлай алды.
XS
SM
MD
LG