Accessibility links

Ресей КС: Қырымның Ресейге қосылуы - заңды


Ресей конституциялық сотының төрағасы Валерий Зоркин.

Ресей конституциялық сотының төрағасы Валерий Зоркин.

Ресейдің конституциялық соты Қырымның аннексиялануын заңды деп тапты.

Ресей конституциялық соты төрағасы Валерий Зоркин бүгін сот "Украинаның Қырым аймағы мен Севастополь қаласын Ресейге қосу" туралы келісімнің "Ресей конституциясымен үйлеседі" деген шешім шығарғанын айтты.

Ресей парламенті келісімді осы аптаның ішінде мақұлдауға бекініп отыр.

18 наурызда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин мен Қырым билігінің өкілдері Қырымда 16 наурызда өткен референдум қорытындысына сүйене отырып, Қырымның Ресейге қосылуы туралы келісім жасасқан еді.

АҚШ пен Еуропа Одағы референдумды заңсыз деп тауып, оған қатысты Ресей мен Украинаның бірнеше шенеунігіне қарсы санкциялар салған.
XS
SM
MD
LG