Accessibility links

AI Украина телекомпаниясы басшысына шабуылды айыптады


Украиналық депутат, "Свобода" партиясының мүшесі Игорь Мирошниченко.
Украиналық депутат, "Свобода" партиясының мүшесі Игорь Мирошниченко.
Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы Украина билігін мемлекеттік телеарна басшысына жәбір көрсеткені үшін украин депутаты мен басқа да бірқатар тұлғалардың үстінен дереу тексеру жүргізіп, жауапқа тартуға шақырды.

Ресейлік ақпарат құралдары Украина ұлттық телекомпаниясының бас директоры Александр Пантелеймоновты бір топ адамның соққыға жыққаны туралы видео жариялаған. Соққыға жыққандар Пантелеймоновты "Ресей билігімен ымыраласты" деп айыптап, өзін жұмыстан босату туралы арыз жазуға мәжбүрлеген деген ақпарат тараған еді.

Пантелеймоновқа жәбір көрсеткендер арасында Украина парламенті - Жоғарғы Раданың депутаты, оңшыл бағыттағы ұлтшыл "Свобода" партиясының мүшесі Игорь Мирошниченко да бар. Amnesty International Мирошниченконы парламенттің сөз бостандығы жөніндегі комитетіне мүше дейді.

Ұйымның Украинадағы өкілі Хизер Макгилл мұны "таң қалдырарлық оқиға" деп атады.

Ресей телеарналары видеожазбаны жаңалықтар топтамасында көрсетті.
XS
SM
MD
LG