Accessibility links

Қара теңіздегі АҚШ кемесі


Қара теңіздегі АҚШ кемесі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:30 0:00

19 наурыз күні АҚШ-тың Truxtun әскери кемесі Қырымға бірнеше жүз километр таяп келген. Кемеде 96 зымыран бар. Ол НАТО-ға мүше Румыния және Болгария әскерімен жаттығу өткізіп жатыр. Truxtun командирі Эндрю Бьен Қара теңіздегі жаттығу Қырым дағдарысына дейін жоспарланғанын айтты. Алайда 2008 жылғы Грузия-Ресей соғысы кезінде де АҚШ Қара теңізге кеме кіргізіп, оны да «жоспарланған жаттығу» деп түсіндірген. АҚШ кемесінің маневрі Польшадағы НАТО жаттығуларымен сәйкес келді. 16 наурыз күні Қырымда референдум өтіп, «тұрғындардың 96 пайыздан астамы Ресейге қосылуды қолдады» деген хабар тарады. Батыс елдері референдумды мойындамай, Ресей Қырымды басып алды деп мәлімдеді. ЕО мен АҚШ, Жапония сияқты елдер Ресейге қарсы санкция жариялады.

XS
SM
MD
LG