Accessibility links

Обама: Жоғалған ұшақты іздеу - АҚШ үшін басты міндет


АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама Foxnews телекомпаниясына берген сұхбатында Malaysia Airlines компаниясының жоғалған Boeng-777 жолаушылар ұшағын іздестіруді "АҚШ үшін басты міндет" деп атады.

Барак Обама 8 наурызда Куала-Лумпурден Пекинге ұшып шыққан ұшақ радар экранынан еш дабыл, я белгі берместен жоғалып кеткелі бері оқиғаға қатысты бірінші рет сөйлеп отыр.

Бірнеше ел қатысып, он үшінші күнге созылған іздестіру операциялары әзірге еш нәтиже берген жоқ. Ұшақта 227 жолаушы мен экипаждың 12 мүшесі болған.

Обама жоғалған ұшақты іздестіру жұмыстарына АҚШ "қолда бар ресурстарын жұмылдырып, Малайзия үкіметімен тығыз байланыс жасап отырғанын" айтты.

Америкалық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұшақтың жоғалуын анықтау жұмыстарына АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы да жұмылдырылған.
XS
SM
MD
LG