Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы бүгін Мәскеуге бармақ


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун бүгін Ресей президенті Владимир Путинмен Украинадағы шиеленісті бәсеңсіту жайын талқылау үшін Мәскеуге барады.

Пан Ги Мун Мәскеуден кейін ертең Украина президенті міндетін атқарушы Александр Турчинов және премьер-министр Арсений Яценюкпен келіссөздер жүргізу үшін Киевке бармақ.

БҰҰ бас хатшысы екі елге Қырымның аннексиялануына байланысты Мәскеу мен Киев арасында қарым-қатынас шиеленісе түскенде сапармен барғалы отыр.

Ресей 19 наурызда Қырым тұрғындары Ресей азаматы екенін айтып, қырымдықтарға паспорт тарата бастаған.

Киев Украинаға келетін ресейліктерге виза тәртібін енгізетінін мәлімдеді. Украина бұған қоса ТМД құрамынан шығатынын да ескертті.
XS
SM
MD
LG