Accessibility links

Алматыда гранат жарылып, бір адам өлген


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Алматының "Орбита" ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде 19 наурыз күні кешке граната жарылып, 28 жастағы мүгедек ер адам қаза тапқан.

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің бүгін хабарлауынша, полиция үйлердің бірінің пәтерінде "РГД-5" қол гранатасы жарылғанын анықтаған. Қаза тапқан адам қозғалыс органдары зақымданып, өздігінен жүре алмайтын 1 топтағы мүгедек болған.

Жарылыстан басқа ешкім зардап шекпеген деп хабарланды.

Қазір құқық органдары бұл оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.
XS
SM
MD
LG