Accessibility links

Юлия Тимошенко Германияда емделіп шықты


Украинаның экс-премьері Юлия Тимошенко.

Украинаның экс-премьері Юлия Тимошенко.

Украинаның экс-премьері Юлия Тимошенко Германияның "Шарите" клиникасында 12 күн ем алып шықты.

Берлиндегі "Шарите" клиникасы дәрігерлерінің айтуынша, осы мерзімде Тимошенко арқасындағы орнынан жылжыған үш омыртқа сақинасын емдеу үшін екі түрлі дәрі қабылдаған. Бұған қоса ол оң аяғын қалпына келтіру процедурасын жасатып, жеделдетілген физиотерапиялық ем қабылдаған.

Тимошенко Германияда емделген соң Украинаға қайтуды жоспарлап отыр.

Сот үкімі бойынша "билігін асыра пайдаланды" деген айыппен ұзақ мерзімге сотталып, Харьковтегі колонияда жазасын өтеп жатқан Тимошенко биыл ақпан айында Украинада билік ауысқан соң бостандыққа шыққан еді.

Тимошенконың жақтастары оған шығарылған үкімнің саяси астары бар деп санайды.
XS
SM
MD
LG