Accessibility links

Shell Қырымдағы газ кенішін дамыту келісімін тоқтатты


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Норвег-британдық Shell ірі энергетикалық компаниясы Украинамен Қара теңіздің Қырым жағалауларындағы Скифский газ кенішін дамыту туралы келісімнен шығатынын мәлімдеді.

Shell-дың хабарлауынша, компания Скифский кенішін дамыту туралы келіссөздерді қаңтар айында тоқтатқан. Компания Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович тұсында жасалған өнімді бөлісу туралы келісімге қол қоймағанын, бірақ Украинадағы басқа жобалар бойынша келісімдерді орындамақ ниетте екенін айтады.

Скифская кенішінде болжам бойынша 200 миллиардтан 250 миллиард текше метрге дейін жететін газ қоры бар.

Украина Виктор Янукович тұсында Shell және америкалық ExxonMobil компаниясын Скифский кенішін дамытуға тартқан. Сарапшылар мұны Киевтің Ресей газына тәуелділіктен құтылу әрекеті деп бағалаған.
XS
SM
MD
LG