Accessibility links

Ресей үкіметі Приднестровье мәселесін талқыламақ


Ресей премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Рогозин.
Ресей премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Рогозин.
Бүгін Ресей үкіметі Молдовадан бөлініп кеткен Приднестровье аймағындағы жағдайды талқыламақ. Приднестровье басшысы Евгений Шевчук аймақ мәртебесі жайында кеңесу үшін Мәскеуге барды.

Бұған дейін Ресей премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Рогозин екі ел билігі өкілдері Молдова Еуропа Одағымен еркін сауда айналымы туралы келісімге қол қойған жағдайда Приднестровьенің "экономикалық оқшаулануға ұшырайтыны" туралы мәселені талқылайтынын айтқан.

Рогозин бұған Украинаның Приднестровьедегі Ресей әскеріне керек-жарақ жеткізуге бөгет қойып отырғанын мысалға келтірді.

Тұрғындарының көпшілігі орыстілді Приднестровье аймағы 1990 жылдардың басында Молдовадан көршілес Румыниямен бірігеді деген қауіппен бөлініп кеткен еді. Молдова президенті Николае Тимофти Ресейді Приднестровье аймағын Қырым сияқты аннексиялап алу әрекеттерін жасамауды ескерткен.
XS
SM
MD
LG