Accessibility links

Үш ел "ұшақ сынықтарын" анықтауға кірісті


Австралия әуе күштері Малайзияның жоғалған ұшағын іздестіру кезінде. 17 наурыз 2014 жыл.
Австралия әуе күштері Малайзияның жоғалған ұшағын іздестіру кезінде. 17 наурыз 2014 жыл.
Австралия билігі Malaysia Airlines компаниясының жоғалған ұшағының сынықтарына ұқсас спутниктен түсірілген екі сұлбаны анықтауға кіріскенін хабарлады.

Австралия, Жаңа Зеландия және АҚШ кемелері мен ұшақтары Австралияның Перт қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 2500 километр қашықтықтағы мұхиттан табылған нысандарды тексеруге шығып кетті. Спутниктен түсірілген сұлбаның ең үлкенінің ұзындығы шамамен 24 метр болады. "Бірақ ол нысандардың жоғалған ұшаққа қатысы болмауы да мүмкін" дейді Австралия үкіметі.

Австралия премьер-министрі Тони Эббот бұған дейін спутниктен түсірілген сұлбалар туралы парламентте хабарлаған.

"Теңіз қауіпсіздігі қызметіне спутниктен түсірілген, жоғалған ұшаққа қатысы бар болуы ықтимал суреттер түсті. Сарапшылар талдау жасай келе, олардың жоғалған ұшаққа қатысы барын анықтады" деген.

8 наурызда Малайзия астанасы Куала-Лумпурден Қытай астанасы Пекинге ұшып шыққан, бортында 239 адам болған MH370 рейсі - Boeing 777 жолаушылар ұшағы ешқандай дабыл белгісін берместен, бағытын ауыстыратынын я басқадай проблемалар туындағанын хабарламастан із-түссіз жоғалып кетті. Соңғы рет диспетчермен байланысқа шыққан кезде ұшақ Малайзияның шығыс жағалауынан 220 шақырымдай қашықтықта болған.

Ұшақты іздестіруге 25 мемлекет қатыстырылып отыр.
XS
SM
MD
LG