Accessibility links

Павлодарда бірнеше адам "лаңкестік" айыбымен сотталды


Өздерін "Сирияға аттанған қазақстандық жиһадшылармыз" деп сипаттаған адамдар. (YouTube видеосынан алынған скриншот).

Өздерін "Сирияға аттанған қазақстандық жиһадшылармыз" деп сипаттаған адамдар. (YouTube видеосынан алынған скриншот).

Павлодарда Екібастұз қаласының бірнеше тұрғыны Сириядағы лаңкестікке қатысты айыппен сотталды деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері.

"Лаңкестікті насихаттады", "лаңкестік топ ісіне араласты", "экстремистік әрекетке адамдарды тартты және дайындады" деп айыпталған Азамат Қазыбаев пен Абдусалам Мурзубаев (екеуі де 23 жаста) мүліктері тәркіленіп, жеті жылға бас еріктерінен айырылды.

Сотталған азаматтардың 2013 жылы Түркияда ұсталып, Қазақстанға жеткізілгені айтылды.

Ал "лаңкестік ұйымды қаржыландырды және оған көмектесті" деп айыпталған Берік Жақыпов (29 жаста) пен Борис Мурзубаев (30 жаста) шартты түрде екі жылға сотталды.
XS
SM
MD
LG