Accessibility links

Чехия Параскевичті экстрадицияламайтын болды


Мұхтар Әблязовтың бұрынғы серігі Татьяна Параскевич.

Мұхтар Әблязовтың бұрынғы серігі Татьяна Параскевич.

Чехиядағы Пльзень қаласының өлкелік соты оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтің ісіне қатысты ұсталған Татьяна Параскевичті босатуға үкім етті. Оның адвокаты Марина Махиткованың Азаттыққа айтуынша, Параскевич бостандыққа шығып, Карловы Вары қаласына кеткен.

Адвокаттың сөзінше, бұған дейін Чехия әділет министрі Параскевичті Украинаға бермеу туралы үкім еткен. Оны Ресей де сұратқан еді. Параскевич бір ай бұрын Чехиядан қорғау алған.

Ресей азаматы Татьяна Параскевич 2012 жылдан бері Чехияда қамауда отырған. Ол сол жылы Чехияда Мұхтар Әблязовпен байланысты қаржылық қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен ұсталған.

Халықаралық Amnesty International ұйымы өткен жылы Параскевич Украинаға немесе Ресейге экстрадицияланса, одан ары қарай Қазақстанға тапсырылып, азапталуы және әділетсіз түрде сотталуы мүмкін деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG