Accessibility links

Қырғызстан Қырым референдумы нәтижесін мойындады


Қырғызстан туы. (Көрнекі сурет)
Қырғызстан туы. (Көрнекі сурет)
Қырғызстан Қырымда өткен референдумды және ол аймақтың Ресей құрамына кіру туралы шешімін заңды деп таныды. Қырғыз сыртқы істер министрлігі жариялаған мәлімдемеде "16 наурыздағы референдум нәтижесі - автономиялық республикадағы халықтың көбінің еркі" деп айтылған.

Қырғызстанның пікірінше, Қырымға байланысты дағдарыс "Украинаның бұрынғы билігінің ойланбай жасаған шешімдері мен жемқорлыққа батқанының кесірінен" болған.

Бұдан бұрын, 18 наурызда Қазақстанның сыртқы істер министрлігі де Қырымда 16 наурызда өткен, «халықтың 93 пайызы автономиялы республиканың Украинадан бөлініп, Ресейге қосылуын жақтаған» референдумды «халықтың өз қалауын еркін білдіруі» деп сипаттаған.

«Қазақстан БҰҰ жарғысына сәйкес халықаралық құқықтың іргелі қағидаттарына өзінің берік ұстанымын тағы да атап өтетінін» ескерткен министрлік «Ресей федерациясының шешіміне түсіністікпен қарайтынын» айтқан.

Киев «Қырым – Украина территориясы» екенін айтып, онда өткен референдум нәтижесін мойындамаған.

АҚШ пен Еуропа Одағы да Қырымдағы референдум Украина конституциясы мен халықаралық құқық нормаларына қайшы келетінін, бұл шара Ресей әскерилерінің қысымы мен қорқытуы арқылы өткенін ескертіп, оны мойындамайтындарын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG