Accessibility links

ЕҚҰЫ Украинаға 500 бақылаушы жіберуге дайын


Украинаның сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Андрей Дещица ЕҚЫҰ-ның Венадаға жиынында отыр. 20 наурыз 2014 жыл.

Украинаның сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Андрей Дещица ЕҚЫҰ-ның Венадаға жиынында отыр. 20 наурыз 2014 жыл.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Украинаға 500-дей азаматтық бақылаушы жіберуге шешім қабылдады. Олар бұл елде алты ай болады.

ЕҚЫҰ-ға мүше (ішінде Ресей де бар) елдер бұл туралы осы ұйымның Венадағы отырысында келіскен. Жиын жұма күні болған.

Ресей бұған дейін ЕҚЫҰ-ның Украинаға бақылаушы жіберу туралы ұсынысына тосқауыл қойып келген еді. Бұл жолғы келісім Ресей аннексиялаған Қырымды қамтымайды. Мәскеу Қара теңіздегі бұл түбекті Батыс елдерінің қарсылығына қарамастан қосып алды. Батыс елдері Қырымды әлі де Украинаның ажырамас бөлігі санайды.

Бақылаушылар Херсон, Одесса, Львов, Ивано-Франковск, Харьков, Донецк, Днепропетровск, Черновец және Луганск қалаларына барады. Ал ЕҚЫҰ миссиясының бас пәтері Киевте болады.

Алғашқыда Украинаға 100 бақылаушы аттанады. Қажет болып жатқан жағдайда олардың саны 500-ге дейін жетуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG