Accessibility links

АҚШ: Тодашевті атқан ФБР агентінің әрекеті заңды


Грозныйға жеткізілген Ибрагим Тодашевтің мәйіті. 20 маусым 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Грозныйға жеткізілген Ибрагим Тодашевтің мәйіті. 20 маусым 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Флорида штатындағы прокуратура "АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы (ФБР) қызметкерінің әрекеті заңды" деген қорытынды жасады. 2013 жылы мамыр айында ФБР агенті тергеу кезінде Шешенстан тумасы Ибрагим Тодашевті атып тастаған еді.

Прокурорлар пікірінше, "ФБР қызметкері қаруды өзін өзі қорғау үшін қолданған. Тодашев оған темір сойылмен шабуыл жасаған." ФБР агенті басынан жарақат алып, ауруханаға түскен еді. Тодашевтің неге оған темірмен шабуыл жасағаны белгісіз.

ФБР Тодашевті Джохар және Тамерлан Царнаевтарға қатысты тергеген еді. Царнаевтар 2013 жылы сәуір айында Бостон марафоны кезінде жарылыс жасады деп айыпталған. Жарылыстан үш адам өліп, 250-ден астам адам жарақат алған. Тамерлан Царнаев полициямен атыс кезінде қаза тапты. Оның інісі Джохар Царнаев түрмеде сотын күтіп отыр. Бұл іс бойынша қазақстандық екі азамат та "айғақ жасырды" деген айыппен тергеліп жатыр.

Тодашев өлімі туралы тергеу 10 айға созылды. Тодашевтің отбасына көмектесіп келе жатқан "Америка-ислам қатынастары кеңесі" прокурорлар қорытындысына наразылық танытты.
XS
SM
MD
LG