Accessibility links

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Сьюзан Райс "АҚШ-тың Украина шекарасындағы Ресей әскерінің қимылдарын жіті бақылап отырғанын" хабарлады.

Райс Мәскеудің "әскер жаттығуға жиналды" деген сөзіне күмән барын айтты. Райстың пікірінше, "Кремльдің сөзі мен ісі әрқашан сәйкес келе бермейді."

Райс "АҚШ президенті Барак Обаманың Еуропаға сапары Қырымды аннексиялауына байланысты Ресейдің халықаралық изоляциясы тереңдей түскенін көрсетеді" дейді.

Оның сөзіне қарағанда, Обаманың Еуропаға сапары "Украина үкіметі мен халқын қолдау жолында АҚШ-тың халықаралық қауымдастық жетекшісіне айналғанын" аңғартады және АҚШ президенті Ресейге "Украинаның ішкі ісіне араласа отырып келтірген қаржылық шығындарды қайтару туралы талап қояды".

АҚШ пен ЕО "Ресейдің Қырымды аннексиялауы заңсыз" деп мәлімдеп, Ресей шенеуніктеріне санкция жариялады.
XS
SM
MD
LG