Accessibility links

Мичиган соты бір жынысты некеге тыйымды жойды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Жұма күні АҚШ-тың Мичиган штатының федералдық соты "неке тек ер мен әйел арасында қиылуы тиіс" деген жергілікті заңды конституцияға қарсы деп жариялады.

Бұл шешім бір жынысты жұбайлардың бала асырап алуына тыйым салатын заңға қарсы шағымды қарау кезінде шығарылды.

Детройт қаласының екі әйел тұрғыны шағымдарында өздері асырап алған үш баланың заңды ата-аналары болғысы келетіндерін білдірген. Сот кезінде судья олардың арасындағы некенің заңды-заңсыз екенін тексермек болған. Тексеру барысында судья бір жыныстылардың некелесуіне тыйым салатын заңның штат конституциясына қайшы келетінін анықтаған. Штаттың бас прокуроры бұл заңға қарсы жоғарғы инстанцияларға шағым түсіретінін мәлімдеген.

Бір жынысты адамдар арасындағы некені АҚШ-тың 17 штаты және Колумбия федералдық округі мойындайды. Соңғы айларда тағы бес штат бір жынысты адамдардың некелесуіне тыйым салатын заңды конституцияға қайшы деп таныды.
XS
SM
MD
LG