Accessibility links

Солтүстік Корея 30 зымыран сынады


Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ун. (Көрнекі сурет)
Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ун. (Көрнекі сурет)
Пхеньян сенбі, 22 наурыз күні таңертең қысқа қашықтыққа атылатын 30 зымыранын сынады.

Оңтүстік Корея бұқаралық ақпарат құралдары таратқан мәлімет бойынша, зымырандар 60 километрге атылған, түгелі теңізге түскен.

Алты күні бұрын Солтүстік Корея шығыс жағалауында қысқа қашықтыққа атылатын 25 зымыранын сынаған еді. Оңтүстік Корея ақпарат құралдарының болжауынша, Солтүстік Кореяның зымыран сынауды жиілетуі - қазір өтіп жатқан АҚШ пен Оңтүстік Кореяның біріккен әскери жаттығуларына деген наразылық.

Пхеньян бұл жаттығуларды "соғысқа дайындалу" деп айыптайды. АҚШ пен Оңтүстік Корея оның жыл сайын өтетін әскери жаттығу екенін мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG