Accessibility links

Мұстафа Жемилев: Мені Қырымға кіргізбеді


Қырым татарларының лидері Мұстафа Жемилев.

Қырым татарларының лидері Мұстафа Жемилев.

Украина Жоғары Радасының депутаты, қырым татарлары меджлисінің бұрынғы төрағасы Мұстафа Жемилев ресейлік әскерилер өзін Қырымға кіргізбей қойғанын айтады. Бұл туралы ол сенбі күні Киевте баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде «Қырым билігі Жемилевті «нон грата тұлға» деп жариялаған» деген ақпарат тараған еді, бірақ, әзірге оның рас-өтірігі анықталған жоқ.

Бұған дейін Мұстафа Жемилев наурыздың 12-і күні Ресей президенті Владимир Путинмен жарты сағат телефон арқылы сөйлескенде оған Қырымның Ресейге қосылуы туралы референдум «заңсыз екенін, Украинаның аумақтық тұтастығы құрметтелуі керектігін» жеткізгенін айтқан еді.

Наурыздың 16-сы күні Қырымда референдум өткен соң іле-шала Ресейдің Қырымды өзіне қосып алуын Украина мен батыс мемлекеттері халықаралық құқыққа қайшы, заңсыз іс деп санайды.

Қазіргі таңда Қырым түбегінде тұратын жалпы саны 2 миллионнан асатын халықтың 12 пайыздан астамы – қырым татарлары, ал 60 пайызын - этникалық орыстар.құрайды.
XS
SM
MD
LG