Accessibility links

Жоғалған ұшақ: Франция түсірген жаңа суреттер


Австралия әуе күштері Малайзияның жоғалған ұшағын Үнді мұхитынан іздестіру кезінде. 22 наурыз 2014 жыл.

Австралия әуе күштері Малайзияның жоғалған ұшағын Үнді мұхитынан іздестіру кезінде. 22 наурыз 2014 жыл.

Бүгін Малайзия билігі Франциядан жаңа суреттер алғанын хабарлады. Спутниктен Үнді мұхитының оңтүстік бөлігінен түсірілген суреттердегі сұлбалар Malaysia Airlines компаниясының жоғалған ұшағының сынықтары болуы ықимтал деген болжам айтылып отыр.

Бұл жоғалған ұшаққа қатысты аталған аймақтан табылғаны туралы соңғы аптада көпшілікке хабарланған осымен үшінші суреттер топтамасы болып отыр. Бұл аймақта халықаралық деңгейде ұшақты іздестіру шараларын үйлестірумен Австралия айналысып жатыр.

Бүгін Австралия премьер-министрі Тонни Эбботт «ұшақты табуға деген үміт ұлғая түсті» деп мәлімдеді.

Наурыздың 8-і күні Малайзия астанасы Куала-Лумпурден Қытай астанасы Пекинге ұшып шыққан, бортында 239 адам болған MH370 рейсі – Boeing 777 жолаушылар ұшағы ешқандай дабыл белгісін берместен, бағытын ауыстыратынын я басқадай проблемалар туындағанын хабарламастан із-түссіз жоғалып кетті. Соңғы рет диспетчермен байланысқа шыққан кезде ұшақ Малайзияның шығыс жағалауынан 220 шақырымдай қашықтықта болған.

Ұшақты іздестіруге қазір 25 мемлекет қатысып отыр.
XS
SM
MD
LG