Accessibility links

Саакашвили прокуратураға келуден бас тартты


Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили.

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили.

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Грузия бас прокуратурасына жауап беруге келуден бас тартты. Ол мұны «еркін азамат ретінде күресті жалғастыру ниетімен» түсіндірді.

Бейсенбіде прокуратура экс-президентті наурыздың 27-сі күні келіп, бірнеше қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап беруге шақырған еді. Грузияда «қызмет өкілетін асыра пайдалану» және «мемлекет қаржысын жымқыруға» қатысты қозғалған бірнеше қылмыстық істе Саакашвилидің аты-жөні аталады. Сонымен бірге прокуратура одан 2005 жылы мезгілсіз дүние салған Грузияның сол кездегі премьер-министрі Зураб Жванияның қазасы бойынша қозғалған іске байланысты сауалдарға жауап алғысы келеді.

Бұған дейін биліктегі «Грузия арманы» коалициясының жетекшілері кейбір қылмыстық істер бойынша Саакашвилиге айыптар тағылуы мүмкін екенін жоққа шығармаған болатын.

Қазір АҚШ-та тұрып жатқан Грузияның экс-президенті Бостондағы Тафтс университеті жанындағы Флетчер атындағы құқық және дипломатия мектебіне «жоғары дәрежелі мемлекеттік қайраткер» ретінде дәріс оқуға шақырылған.

Кезінде Саакашвили құрған «Біртұтас ұлттық қозғалыс» партиясындағы оның серіктері экс-президентке елге келмеуді ескертеді. Қазір билікке оппозициядағы партия «жақында Украинада белсенділік танытқаны үшін Саакашвилиден кек алғысы келетін Мәскеудің тапсырысын орындап отыр» деп үкіметті айыптайды.
XS
SM
MD
LG