Accessibility links

Францияда жергілікті сайлаулар өтіп жатыр


Париждегі Эйфель мұнарасының көрінісі. (Көрнекі сурет)

Париждегі Эйфель мұнарасының көрінісі. (Көрнекі сурет)

Бүгін Францияда тұрғындар қала мэрлері мен бірқатар елді мекендердің билік органы басшыларын сайлап жатыр.

Бұл жолғы жергілікті сайлауда биліктегі социалистер партиясы бәсекелестерінен аз дауыс алады деген болжамдар айтылып отыр. Франсуа Олланд президент болып сайланған 2012 жылдың мамырынан бері алғаш рет өткізіліп отырған жергілікті сайлау қарсаңында билік партиясының рейтингі бұрын соңды болмаған ең төменгі деңгейге құлдырап кетті.

Елде жұмыссыздық деңгейі өте жоғары, экономиканың дамуы тежелгені байқалып отыр.
XS
SM
MD
LG