Accessibility links

Путин мен Меркель Украина жайлы сөйлесті


Германия канцлері Ангела Меркель мен Ресей президенті Владимир Путин.

Германия канцлері Ангела Меркель мен Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин мен Германия канцлері Ангела Меркель Ресей Қырымды аннексиялағаннан кейін пайда болған ахуалды телефон арқылы талқылады.

Кремльдің мәліметінше, олар Украинаға ЕҚЫҰ бақылаушыларын жіберу жайлы келісімге "разы болған". Киевтен өзге тоғыз қала мен облысқа баратын бақылаушылардың Қырымға келер-келмесі белгісіз.

Ресей сыртқы істер министрлігі ЕҚЫҰ тобын "Ресейдің бөлігі болған Қырым мен Севастопольге қатысы жоқ, жаңа саяси және нормативтік ахуалдың белгісі" деп сипаттады. Ал неміс үкіметінің сөзінше, "ЕҚЫҰ Украинаның аумақтық тұтастығына еш шүбә келтірмейді".
XS
SM
MD
LG