Accessibility links

Қырым рубльді қолдана бастады


Ресей рублі мен Украина гривнасының ақша айырбастау орнында қысқаша жазылған атауы. (Көрнекі сурет)
Ресей рублі мен Украина гривнасының ақша айырбастау орнында қысқаша жазылған атауы. (Көрнекі сурет)
Ресей аннексиялаған Қырым бүгіннен бастап рубльді қолданады.

Қырым банкінің төрағасы Николай Барилюктің сөзінше, Қырым Ресей ақшасына біртіндеп көшеді - 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін рубльмен де, гривнамен де сауда жасауға болады. Оның айтуынша, түбекте айлық, зейнетақы мен стипендия әлден-ақ рубльмен төленіп, Ресей валютасы біртіндеп Украин гривнасын ығыстырып шығарады.

Мәскеу аймақтағы қаржылық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қырымға жуықта 1 миллиард рубль бөлетінін айтты.

РИА Новости тілшісінің мәліметінше, Қырымда гривна тапшы бола бастаған. Көптеген коммерциялық банктер есепшоттан немене банк картасынан күніне 300-500 гривнадан артық қолма-қол ақша бермеу жайлы шектеу қойған. Көптеген украиналық банктер филиалдарында жұрт кезекте тұр. Жергілікті билік Украина салымшылар есепшоттарын жауып тастаса, украиналық мүліктерді сатып, соның ақшасымен шығынды өтейтінін айтады.
XS
SM
MD
LG