Accessibility links

Украина Қырымдағы әскерін қозғайтынын айтты


Украин әскері.
Украин әскері.
Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі (ҰҚҚК) қорғаныс министрлігіне Қырымдағы әскери бөлімшелердің орнын ауыстыруды тапсырды деп хабарлады ел президенті міндетін атқарушы, Жоғарғы рада төрағасы Александр Турчинов.

Оның айтуынша, министрлер кабинеті әскерилер отбасыларына, қысым кесірінен үйлерін тастап шығуға мәжбүр болған адамдарға орын табуға тапсырма берген. Турчинов өткен түнде ресейлік әскердің "Феодосия маңындағы украин әскері бөлімшесіне шабуыл жасап, арандатқанын" да айтты.

Бүгін Қырымдағы Қара теңіз флотына Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу барады. Ол флот басшысы орынбасары ретінде бұрын Украина әскери-теңіз күштері қолбасшысы болған, кейін Қырымның ресейшіл үкіметін қолдап қызметінен кеткен Денис Березовскийді тағайындаған.
XS
SM
MD
LG