Accessibility links

Малайзия премьері: Ұшақ мұхитқа құлаған


Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак (ортада) жоғалып кеткен ұшақтың хабарын айтып тұр. Куала-Лумпур, 24 наурыз 2014 жыл.
Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак (ортада) жоғалып кеткен ұшақтың хабарын айтып тұр. Куала-Лумпур, 24 наурыз 2014 жыл.
Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак жоғалып кеткен Boeing 777 ұшағы жолаушыларының туыстарына "ұшақ Үнді мұхитының оңтүстік тұсына құлаған" деп хабарлады.

8 наурызда Малайзия астанасы Куала-Лумпурден Қытай астанасы Пекинге ұшып шыққан, бортында 239 адам болған MH370 рейсі - Boeing 777 жолаушылар ұшағы ешқандай дабыл белгісін берместен, бағытын ауыстыратынын я басқадай проблемалар туындағанын хабарламастан із-түссіз жоғалып кетті. Соңғы рет диспетчермен байланысқа шыққан кезде ұшақ Малайзияның шығыс жағалауынан 220 шақырымдай қашықтықта болған.

Ұшақты іздестіруге 25 мемлекет көмектесіп жатыр. Іздеушілердің бірі Австралия маңындағы мұхиттан жоғалған ұшақ белгілеріне ұқсас сынықтар көрінгенін хабарланған.
XS
SM
MD
LG