Accessibility links

АҚШ Азаттық тілшісі өлімін айыптады


Журналист әш-Шаммаридың қазасына қайғырып тұрған әріптестері. Бағдат, 23 наурыз 2014 жыл.
Журналист әш-Шаммаридың қазасына қайғырып тұрған әріптестері. Бағдат, 23 наурыз 2014 жыл.
АҚШ Азат Ирак (Азат Еуропа/Азаттық радиосының Ирак қызметі) радиосының Бағдаттағы бюросы жетекшісі Мұхаммед Бдаиви Оваид әш-Шаммаридың қазасы "бүкіл Иракқа ауыр" тигенін айтты. АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Мэри Харфтың бұл жайлы мәлімдемесі дүйсенбі күні жарияланды.

Әш-Шаммари 22 наурызда Ирак астанасы Бағдатта қаза тапқан. Куәгерлердің айтуынша, журналисті Ирак президенті күзет қызметінің өкілі керісіп қалып атып өлтірген. Марқұмның туыстарымен кездесіп, көңіл айтқан Ирак премьер-министрі Нұри әл-Мәлики журналисті өлтірген адамды ұстап, сотқа тартуға уәде берген. Кейін Ирак телеарнасы күдікті адамның тұтқынға алынғаны туралы хабарлаған.

23 наурызда Иракта жүздеген журналист әріптестерінің қазасына байланысты наразылық білдіріп, ондаған газет шықпай қалды.

46 жасында мерт болған әш-Шаммари Азат Еуропа/Азаттық радиосының Ирак қызметі – Азат Ирак радиосында 2006 жылдан бастап жұмыс істеген. Ол екі жыл бұрын Азат Ирак радиосының Бағдаттағы бюросы жетекшісі болып тағайындалған еді.
XS
SM
MD
LG