Accessibility links

«Правый сектор» басшысы полициямен атыста қаза тапты


Украинадағы «Правый сектор» ұйымы басшыларының бірі болған Александр Музычко28 ақпан 2014 жыл.

Украинадағы «Правый сектор» ұйымы басшыларының бірі болған Александр Музычко28 ақпан 2014 жыл.

Украинадағы ұлтшыл «Правый сектор» ұйымы басшыларының бірі, Саша Белый деген лақап аты бар Александр Музычконың полиция операциясы кезінде оққа ұшқаны хабарланды.

Украина ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Евдокимовтің сөзінше, Музычко Ровно облысындағы қылмыстық топты тұтқындауға барған полицейлерге оқ атқан. Арнайы жасақ бұл операция кезінде үш адамды ұстап, қаруларын тәркілеп, өздерін Киевке тергеуге әкелген.

Наурызда Музычконың үстінен "ауыр бұзақылық жасады және полицияның заңды әрекетіне қарсылық көрсетті" деген айыппен іс қозғалып, 12 наурызда оған іздеу жарияланған.

Батыс Украинадағы «Правый сектор» қозғалысының жетекшілерінің бірі болған Александр Музычкоға қарсы Ресей де "Шешенстандағы орыс әскерилерін өлтіруі мүмкін" деген күдікпен іс қозғаған.

Музычко Шешенстанның бірінші президенті Джохар Дудаевтың оққағары болған.
XS
SM
MD
LG