Accessibility links

Назарбаев пен Обама Гаагада кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен АҚШ президенті Барак Обама. Гаага, 25 наурыз 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен АҚШ президенті Барак Обама. Гаага, 25 наурыз 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Гаагадағы АҚШ елшілігінде кездесті. Вашингтон бұл кездесуде не туралы айтылғанын хабарламады.

Ресейдің Кеден Одағындағы одақтасы Қазақстан Мәскеудің Қырымды аннексиялауына оң пікір білдірген еді. Қазақстанның Ресеймен шекаралас солтүстік облыстарында орыстілді тұрғындар көп.

Обама мен Назарбаев 11 наурызда телефон арқылы сөйлесіп, Украина дағдарысын талқылаған.

Гаагадағы ядролық қауіпсіздік саммитіне қатысып отырған олар 25 наурызда ядролық қауіпсіздікті бекем ету туралы бірлескен мәлімдеме жасады.
XS
SM
MD
LG