Accessibility links

Байқоңырдан "Союз" кемесі ұшырылды


Наурыздың 26-сына қараған түні Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағынан халықаралық ғарыш станциясына ресейлік "Союз ТМА-12М" ғарыш кемесі ұшырылды.

Кеме Ресей "Роскосмосының" екі ғарышкері - Александр Скворцов пен Олег Артемьевті және НАСА автронавты Стивен Свонсонды халықаралық ғарыш станциясына жеткізбек.

Ғарышкерлер халықаралық станцияда алты айға жуық уақыт болады деп жоспарланған. Жаңа экипаж онда ғылыми жұмыстар атқарады.

Қазір халықаралық ғарыш станциясында жапониялық ғарышкер Коити Ваката, НАСА астронавты Рик Мастраккио және ресейлік Михаил Тюрин бар.
XS
SM
MD
LG