Accessibility links

Норвегия Ресеймен әскери ынтымақтастықты үзді


Норвегияның туы. (Көрнекі сурет)
Норвегияның туы. (Көрнекі сурет)
Норвегия мамыр айының соңына дейін Ресеймен әскери саладағы екіжақты ынтымақтастықты тоқтататынын мәлімдеді. Норвегия қорғаныс министрі Ине Эриксен Сорейденің мәлімдеуінше, мұндай шешім "Украинада қалыптасқан жағдайға байланысты" қабылданып отыр.

Бұған дейін алдағы сәуір айына Ресей қорғаныс министрі мен әскери-теңіз күштері қолбасшысының Норвегияға сапары жоспарланған еді. Норвегия мамыр айында Ресей және АҚШ-пен бірігіп әскери-теңіз күштерінің жаттығуын өткізуді жоспарлап отырған.

Сорейденің айтуынша, мамыр айынан кейін Норвегия НАТО-дағы әріптестерімен Мәскеумен бұдан ары қарайғы байланыстары жөнінде кеңесетін болады.
XS
SM
MD
LG