Accessibility links

НАТО Украина шекарасындағы Ресей әскеріне алаңдайды


НАТО бас хатшысы Андерс фог Расмуссен.
НАТО бас хатшысы Андерс фог Расмуссен.
НАТО бас хатшысы Андерс фог Расмуссен Мәскеу Қырымды өзіне қосып алғаннан кейін Украинаның шығыс шекарасында Ресей әскері мен әскери техникаларының көптеп шоғырландырылып жатқанына алаңдаушылық білдірді.

25 наурызда Брюссельде сөйлеген Расмуссен НАТО ұйымға мүше барлық мемлекеттерді қорғауға және Украинаға көмек беруге әзір екенін мәлімдеді.

Гаагада өткен ядролық қауіпсіздік саммитінде АҚШ Ресейді Украинадан Қырымды тартып алып, 1994 жылғы Будапешт келісімін бұзды деп айыптады. АҚШ пен Украина бірлесе жасаған мәлімдемесінде Ресейдің Қырымдағы әрекеті "ғаламдық қауіпсіздіктің іргетасын бұзып, Еуропадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіреді" деді.

"Үлкен жетілік" елдерінің басшылары Ресейге егер Қырымды аннексиялаған соң Украинадағы тұрақсыздандыруды жалғастыра берсе экономикалық санкцияларды күшейтетінін ескерткен.
XS
SM
MD
LG