Accessibility links

Солтүстік Корея кезекті рет зымыран сынады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Солтүстік Корея орта қашықтыққа ұшатын екі баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді деп хабарлады бүгін Оңтүстік Кореяның әскери басшылығына сілтеме жасаған АҚШ және Оңтүстік Кореяның бұқаралық ақпарат құралдары.

Yonhap агенттігінің Оңтүстік Корея қарулы күштерінің өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, зымыран Пхеньянның солтүстігінен атылып, Жапония маңындағы суға түскен. Зымыран 650 километр қашықтыққа ұшқан.

Өткен аптада Солтүстік Корея жақын қашықтықтағы бірнеше зымыранын сынақтан өткізген еді. Оңтүстік Кореяның ақпарат құралдары Солтүстік Кореяның зымырандар сынауды жиілетуі - қазір өтіп жатқан АҚШ пен Оңтүстік Коеряның біріккен әскери жаттығуларына деген наразылық деп хабарлаған.

Солтүстік Корея басшылығы екі елдің әскери жаттығуларын өз территориясына басып кіруге дайындық деп бағалайды.
XS
SM
MD
LG