Accessibility links

Украинаның Қырымдағы соңғы әскери кемесін басып алды


Украинаның Ресей әскерилері басып алған "Черкассы" кемесі. 25 наурыз 2014 жыл.

Украинаның Ресей әскерилері басып алған "Черкассы" кемесі. 25 наурыз 2014 жыл.

Қырымда ресейлік әскерилер 25 наурызда Украинаның аймақтағы соңғы әскери "Черкассы" кемесін басып алды деп хабарлады Украина қорғаныс министрі Владислав Селезнев Facebook-тегі өзінің парақшасында.

Донузлав көліндегі теңізден мина сүзіп алатын әскери "Черкассы" кемесін басып алу операциясы бірнеше сағатқа созылған. Кемені басып алуға Ресей теңіз флотының жүрдек катерлері мен екі тікұшағы, әуе десант күштері жұмылдырылған. Кемені басып алу кезінде кеме экипажы мүшелерінің ешқайсысы зардап шекпеген.

Командир Юрий Федаш басқарған "Черкассы" кемесі Донузлав көліндегі Ресей әскери кемелерінің қоршауын бұзып шықпақ болып, үш күн суда тоқтаусыз жүрген. Командир бұған дейін кемені өз еркімен беру туралы ресейліктер қойған талаптардан бас тартып келген.

Ресей әскерилері Украинаның Қырымдағы барлық әскери кемесін бір аптаға жуық ауқытта басып алды.
XS
SM
MD
LG