Accessibility links

Мәскеу Украинаның Ресей телеарналарын жабуына наразы


Ресей телеарнасының хабарын қарап отырған адам. (Көрнекі сурет)
Ресей телеарнасының хабарын қарап отырған адам. (Көрнекі сурет)
Мәскеу Киевтің Украинада ресейлік төрт телеарнаның қызметін тоқтату туралы шешіміне наразылық білдірді.

Киев соты 25 наурызда Ресейдің "РТР", Россия 24", "Первый канал" және "НТВ" телеарналарының қызметі Украина ұлттық телевизия және радио кеңесінің осы телеаарналарды трансляция жасайтын компанияның үстінен түсірген шағымын қарағанға дейін тоқтатыла тұрсын деген шешім шығарған.

Шағымда не айтылғаны туралы әзірге ақпарат жоқ.

Ресей сыртқы істер министрінің адам құқықтары жөніндегі өкілі Константин Долгов бүгін Twitter-дегі парақшасында сот шешімі "адам құқықтарын, оның ішінде баспасөз еркін шектейді" деп мәлімдеген. Ол ЕҚЫҰ сияқты ұйымдарды сот шешімін жою үшін Киевке қысым жасауға шақырды.
XS
SM
MD
LG